Accessibility links

Өзбекстан паралимпиада чемпиондарына 200 мың доллар береді


Паралимпиадада зағип спортшылар арасында эстафеталық жарыста қола алған Өзбекстан спортшылары.

Паралимпиадада зағип спортшылар арасында эстафеталық жарыста қола алған Өзбекстан спортшылары.

Өзбекстан паралимпиадада алтын алған спортшыларға 200 мың, күміс алған атлеттерге 100 мың, қола жүлдегерлерге 75 мың доллар көлемінде сыйақы береді. Бұл қаулыға Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзяев қол қойды.

Өзбекстан олимпиада алтын алған спортшыларға да дәл осындай көлемде сыйақы берген.

Ал Қазақстанда паралимпиадада алтын алған спортшыларға 50 мың, күміс жүлдегерге 35 мың, қола жүлде иеленгенге 20 мың доллар сыйақы беру белгіленген.

Бүгін Қазақстан спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы паралимпиада жүлдегерлеріне берілетін сыйақы көлемі өсетінін, алтын алған спортшыға 84 миллион теңге (шамамен 247 мың доллар) берілетінін айтты.

Қазақстан Рио паралимпиадасында бір алтын, бір күміспен жалпы есепте 58-орын алса, Өзбекстан 8 алтын, 6 күміс, 17 қоламен 16-орынды еншіледі.

XS
SM
MD
LG