Accessibility links

Сталиншіл белсенділер Сібірде Лаврентий Берияға ескерткіш қоймақшы


Сургутте Иосиф Сталинге қойылған ескерткіш.

Сургутте Иосиф Сталинге қойылған ескерткіш.

Ресейдегі сталиншіл белсенділер СССР қауіпсіздік қызметін басқарған Лаврентий Берияға Сібірде ескерткіш қоймақ ниетте. Бұған дейін олар советтік диктатор Иосиф Сталинге монумент орнатқан.

Сургуттағы «Руский дух» тобының жетекшісі Денис Ханзиннің мәлімдеуінше, қазір олар болашақ ескерткішке Лаврентий Берия немесе революционер Сергей Киров, я жазушы Иван Ефремовтің қайсысы лайықты деген мәселені талқылап жатыр. Хазиннің айтуынша, үшеуінің арасынан Берияны таңдағандар басым түсуі мүмкін және ескерткіш 2017 жылы ашылмақ.

«Русский дух» тобының жетекшісі 15 қыркүйекте ашылған Сталин ескерткішіне өткен уақыт ішінде екі рет шабуыл жасалғандықтан, оның төңірегіне алдағы уақытта арнайы күзет қойылатынын да айтты. Сталин ескерткіші 1930-жылдары СССР-де жүргізілген сталиндік қуғын-сүргін құрбандарына арналған болашақ монумент тұрғызылады деп белгіленген жерге жақын тұсқа орнатылған. Бұған дейін Сургуттің жергілікті билігі Сталинге ескерткіш заңсыз қойылғандықтан ол алынады деп мәлімдеген.

Сургут - 1930-жылдары совет өкіметі «халық жауы» деген айыппен түрмеге қамап, жер аударғандарды жіберетін орындардың бірі болған.

XS
SM
MD
LG