Accessibility links

АҚШ пен Ресей Сирия дағдарысы жайлы келісімге келе алмады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Нью-Йорк, 22 қыркүйек 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Нью-Йорк, 22 қыркүйек 2016 жыл.

Нью-Йоркте қыркүйектің 22-і өткен кездесуде Ресей мен АҚШ өкілдері Сириядағы дағдарысқа қатысты мәмілеге келе алмады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мәскеудің «конструктивті ұсыныс» енгізбегені жайлы мәлімдеді. БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясы алаңында өткен Сирияны қолдау тобының кездесуінен соң Керри Сириядағы бес жылдық соғысты тоқтату үшін Вашингтонның бітім орнатуға және саяси өзгерістерге қол жеткізуге талпынысын жалғастыра беретінін айтқан. Бірақ, оның сөзінше, АҚШ бұл іске Башар Асад режимі мен оның одақтасы Ресейдің де «өз үлестерін қосқынын» қалайды.

Нью-Йоркте кездесуге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров және еуропалық мемлекеттер мен араб елдерінің жоғары дәрежелі дипломатиялық өкілдері қатысқан. Лавров Сириядағы жағдайды экстремистер, соның ішінде «Ислам мемлекеті» террористік тобы өз мақсатына пайдаланып кетпесі үшін Асадты биліктен кетіруді көздейтін сириялық оппозиция мәмілеге әзір болуы керек деген. Ол Сирияны қолдау тобы Вашингтон ұсынған бейбітшілік процесін Сирия дағдарысын шешудің бірден бір амалы ретінде «бір кісідей дерлік» құптайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG