Accessibility links

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында бірнеше бекет жабылады


Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы.

Қырғызстан Қазақстанмен шекарасындағы тексеру-өткізу бекетінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты бірнеше тексеру-өткізу бекеттері уақытша жабылады. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі хабарлады.

Құрылыс жұмыстары "Тоқмақ", "Кенбулун", "Ақтілек" және "Шалдыбар" бекеттерінде жүргізіледі. "Тоқмақ" бекеті 25 қыркүйектен бастап жабылады. Бұл бекеттегі жұмыстар аяқталған соң "Кенбулун" бекетін уақытша жұмысын тоқтатады.

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында барлығы 12 тексеру-өткізу бекеті бар.

XS
SM
MD
LG