Accessibility links

Қазақстан жаңа ядролық қарусыз аймақ құруды ұсынды


Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

22 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеген Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Орталық Азияның ядролық қарусыз аймағын құруды ұсынды.

Оның айтуынша, мұндай шара аймақта тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ыдырысов 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған ядролық қарудан бас тарту резолюциясын Астана ұсынғанын, бірақ әлемдік державалар мен аймақтық топтардың бір-біріне сенімі жоқтығынан ядролық қарудан бас тарту процесі баяу жүріп жатқанын да айтты.

Қазақстан 9 қыркүйекте Солтүстік Кореяның ядролық қаруды сынауын қолдамайтынын айтып, Пхеньянның әрекетін сынға алды.

XS
SM
MD
LG