Accessibility links

Жүзгіш Худяков жағажайдағы Азия ойындарында алтын алды


Қазақстандық жүзгіш Виталий Худяков (Сурет Қазақстан су спорты түрлері федерациясының сайтынан алынды).

Қазақстандық жүзгіш Виталий Худяков (Сурет Қазақстан су спорты түрлері федерациясының сайтынан алынды).

Вьетнамның Дананг қаласында жағажайдағы Азия ойындары басталды. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық Виталий Худяков 10 километрге ашық суда жүзуде алтын алды.

Ол бұл қашықтықты екі сағат екі минутта жүзіп өтті. Күмісті мәреге екі минут кешігіп келген қытайлық Ванг Венхауо, қоланы сириялық Салех Мохаммад (2:06:20) иеленді.

Жағажайдағы Азия ойындары әр екі жыл сайын ұйымдастырылады. 2014 жылы Пхукетте ұйымдастырылған жағажайдағы Азия ойындарда Қазақстан 8 алтын, 9 күміс, 10 қоламен жалпы есепте 6-орын алған. Биылғы Вьетнамдағы ойындар 3 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG