Accessibility links

Мәскеудегі өртте сегіз адам қаза тапқан


Мәскеу қоймасындағы өрт. 23 қыркүйек 2016 жыл.

Мәскеу қоймасындағы өрт. 23 қыркүйек 2016 жыл.

Ресей астанасындағы қоймада 14 сағатқа жуық жалғасқан өртті сөндіру барысында төтенше жағдайлар министрлігінің сегіз қызметкері қаза тапқан. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлады. Бұған дейін агенттік өрт сөндірушілермен байланыс үзіліп қалғаны, бірақ оларды құтқаруға әлі үміт бар деген ақпарат таратқан еді. Өртке қарсы күрес қызметкерлері өрт болып жатқан қойманың шатырында жұмыс істеп жүргенде шатыр құлап түскен болуы мүмкін деген болжам айтады төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері.

Өрт пластиктен жасалған өнімдер сақталған қоймада бейсенбінің кешінде басталған. Құтқарушылар өртті ең жоғарғы деңгейден бір саты төмен деп бағалаған. Өртті тек жұма күні таңертеңгі сағат алтының кезінде сөндірген.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің себебі туралы бірнеше болжам жасап отыр, соның ішінде электр желісіндегі тұйықталу салдарынан немесе жылу аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылғандықтан өрт шыққан болуы мүмкін деген жорамалдар айтылады.

XS
SM
MD
LG