Accessibility links

Атамбаев қырғызстандықтарды мемлекеттік тіл күнімен құттықтады


Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев қырғызстандықтарды 23 қыркүйек мемлекеттік тіл күнімен құттықтады. Атамбаевтың құттықтау сөзі президенттің ресми сайтында жарияланды.

Президент өз құттықтауында елде мемлекеттік тілді дамытуға барлық жағдай жасалғанын, қырғыз тілінің қолдану аясы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын айтты.

Атамбаев "тіл - мемлекеттің басты символдарының бірі. Әр адам өз ана тілін білу арқылы өз ұлтын және шыққан тегін сыйлайды" дей келе халықты мемлкеттік тілді қолдауға шақырды.

Қыркүйектің 19-ы күні Атамбаевтың баспасөз қызметі Қырғызстан президенті жүрегі сыр беруі себепті БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке жоспарланған сапарын өзгерткені туралы хабарлаған. Атамбаевтың АҚШ-қа бара жатқан жолда – Түркияда өзін жайсыз сезінгені айтылған. Қырғыз ресми делегациясы Нью-Йоркке баратын ұшаққа ауысып мінбекші болған Стамбул әуежайынан Атамбаев түркиялық ауруханаға түскен. Президент баспасөз қызметі дәрігерлердің алдын-ала қорытындысы бойынша Атамбаевтың жүрегінде кінәрат бары анықталған. Бүгін, 23 қыркүйекте Атамбаев емделу үшін Мәскеуге барғаны хабарланды.

Осы аптаның басында Қырғызстан президенті әкімшілігі Атамбаев қазанның 1-інде қызметіне оралуы мүмкін деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG