Accessibility links

Керри Сирия жайлы келіссөзде "аздаған прогресс" барын айтты


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Нью-Йорк, 23 қыркүйек 2016 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Нью-Йорк, 23 қыркүйек 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сириядағы жанжалды реттеу бойынша жұма күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткізген келіссөздерде «аздаған прогресс» бары жайлы мәлімдеді.

Бұған дейін жұма күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест АҚШ пен Ресей арасында қыркүйектің 9-ында келіссөздерде келіскен Сириядағы бітімге жәрдемдесуге Мәскеудің дайын екендігіне күмән келтірген. Оған БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде берген жауабында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-ты «исламшылар мен ұстамды оппозицияны ажырата алмай отыр» деп айыптаған. Ол Сириядағы атысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуына жол бермеуге шақырған. Сонымен бірге Лавров Ресей келісімдер мәтінін біржақты түрде жариялайды деп мәлімдеген. Бейсенбі күні Associated Press агенттігі бес келісім құжатының біреуін жариялаған болатын.

Жұма күні сириялық оппозиция бақылауындағы Алеппо қаласына ресейлік ұшақтардың қолдауымен үкімет күштері шабуылды жалғастырған. Сирия президенті Башар Асадтың әуе күштері оппозиция орналасқан аудандарға соққы берген. Алеппоға гуманитарлық жүк апара жатқан автокеруенге шабуыл жасалған соң бітім бұзылған. АҚШ бастаған коалиция адам қазасына әкелген бұл шабуылға ресейлік әскерилерді айыптаған. Мәскеу бұл оқиғаға қатысы жоғын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG