Accessibility links

Алматыдан 154 километрде жер сілкінісі тіркелді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 154 километр қашықтықта 3,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Алматы уақыты бойынша сағат 14:54 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, жердің 0-5 километр қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,5.

Зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.

XS
SM
MD
LG