Accessibility links

Yahoo серверіне шабуылды ресейлік хакерлерден көреді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Yahoo интернет корпорациясының басшылығы өз серверлеріне жасалған шабуылға байланысты ресейлік хакерлерден күдіктенеді деп хабарлады бүгін The Wall Street Journal.

2014 жылы күзде компания серверлеріне бұзып кірмек болған бірнеше әрекетті тіркеген. Хакерлік шабуыл Ресей жеріндегі компьютерлерден жасалған. Басылымға дерек көздерінің хабарлауынша, хакерлер Ресейде бизнес жүргізетін адамдар жайлы деректерді білмек болған.

Бейсенбі күні Yahoo корпорациясы 2014 жылы хакерлердің жарты миллиард қолданушы жайлы ақпаратты – олардың фамилиялары, электронды поштасының мекен-жайы, телефон нөмірлері, туған мерзімі және қорғалмаған кілтсөздерін ұрлап алғаны туралы хабарлаған.

Yahoo жүйесін бұзу оқиғасы бойынша тергеуді АҚШ федералдық тергеу бюросы жүргізіп жатыр. Әзірше бұл шабуылдың әлгі деректерді ұрлауға қатысы бар-жоғы айқын емес деп хабарлайды басылым.

XS
SM
MD
LG