Accessibility links

Алматы облысында жоғалған 3 адамның мәйіті табылғаны хабарланды


Алматы облысының картасы.
Алматы облысының картасы.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы базарға мал сатуға шығып, хабарсыз кеткен үш адамның қаза болғанын полиция бүгін туыстарына естірткен.

Бұл туралы жоғалғандардың туысы Тұрсын Әмірбайұлы Азаттыққа хабарлады. Оның айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанға Қытайдан көшіп келген оралман үш азамат – Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Қадылбек Әлімхан мал саудасымен айналысып жүрген. Өткен жексенбіде үшеуі Ұзынағаш базарында 43 бас малды сату туралы біреумен келісіп, малды соған жеткізіп береміз кетіп бара жатқандарын айтып үй-ішімен телефон арқылы соңғы рет тілдескен.

– Содан кейін із-түзсіз кеткен үшеуі жайлы дүйсенбінің кешінде полицияға хабарлап, жаппай іздеу салдық. Бүгін таңертең бірнеше жүз адам аудандық полиция бөліміне жиналдық, содан түске қарай полиция басшылары олардың сүйектерін осыдан 200 шақырымдай жерден тапқандарын естіртті, - деді ол.

Тұрсын Әмірбайұлының айтуынша, Алматы облысы Көксу ауданында тұрған үш азаматтың әрқайсысының артында үштен, екіден жас баласы, қарт ата-анасы қалған.

Бүгін qamshy.kz сайты Ұзынағаштағы полиция бөлімі маңына көп адам жиналғаны туралы видеолар жариялап, "үш жігіттің қайтыс болғаны белгілі туралы полиция марқұмдардың туыстарына естірткен" деп хабарлады.

Жоғалған үш жігітке тиесілі екі жүк көліктің бірі қыркүйектің 19-ы күні Алматы облысындағы Қаншеңгел ауылы маңынан өртенген күйі табылған. Жұма күні кешке Жамбыл ауданына қарасты Дегерес ауылына жақын жерден екінші көлік табылған.

Жамбыл аудандық полиция бөлімінің кезекші қызметкері Азаттыққа бұл оқиға бойынша қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG