Accessibility links

Алматыда «Евразия» кинофестивалі ашылды


«Евразия» кинофестивалі президенті Айман Мұсақожаева (ортада) мен СССР халық әртісі Асанәлі Әшімов. Сол жақтағы адам - кинофестивалдің бас директоры Рашид Нұғыманов. Алматы, 24 қыркүйек 2016 жыл.
«Евразия» кинофестивалі президенті Айман Мұсақожаева (ортада) мен СССР халық әртісі Асанәлі Әшімов. Сол жақтағы адам - кинофестивалдің бас директоры Рашид Нұғыманов. Алматы, 24 қыркүйек 2016 жыл.

Алматыда сенбі күні «Евразия» халықаралық кинофестивалінің ашылу шарасы өтті. Осымен 12-рет өткізіліп отырған байқау барысында биыл конкурстық және одан тыс – барлығы 112 фильм көрсетіледі. Негізгі конкурсқа Европа мен Азия елдерінен 13 кинокартина іріктелініп алынған. Олардың арасында қазақстандық үш шығарма – «Бөпем», «Қаратас ауылындағы оба» және «Аптасына бір рет» фильмдері бар. Биылғы байқауға қатысатын шығармаларды сараптайтын халықаралық қазылар алқасына ресейлік кинорежиссер Валерий Тодоровский жетекшілік етеді. Жеңімпаздар бес номинация бойынша анықталмақ, ал бас жүлде – Гран-при жеңіп алған үздік фильмге үш миллион теңге сыйлық беріледі.

Қысқа метражды фильмдер байқауына тағайындалған жалғыз жүлде (500 мың теңге) үшін 15 шығарма ұсынылған, олардың бесеуі – қазақстандық фильмдер. Бұл байқаудың қазылар алқасын қазақстандық кинорежиссер Дәрежан Өмірбаев басқарады.

Кинофестиваль бағдарламасында балалар фильмі байқауы да бар. Сонымен бірге деректі фильмдер де ұсынылады. Бұдан бөлек әлемнің әр түкпірінде түсірілген көптеген кинокартиналарды тамашалауға болады. Биылға байқау көрермен үшін тегін болмақ.

«Евразия» халықаралық кинофестивалі жеңімпаздары қыркүйектің 30-ы күні жарияланады.

XS
SM
MD
LG