Accessibility links

Финляндияда расизмге қарсы жаппай акциялар өтті


Хельсинки қаласы. (Көрнекі сурет.)

Хельсинки қаласы. (Көрнекі сурет.)

Финляндияның бірнеше қаласында сенбі күні мыңдаған адам расизм мен зорлық-зомбылыққа қарсы шерулерге қатысты.

Ел астанасы Хельсинкиде көшеге 15 мыңға жуық адам шықты. Жұрт алдында сөйлегендердің арасында Финляндияның экс-президенті Тарья Халонен де бар. Куопио қаласында өткен демонстрацияға премьер-министр Юха Сипиля қатысты. Жаппай шерулер Тампере мен өзге де қалаларда өтті.

Бұл акцияларға неонацистермен қақтығыста соққыға жығылып, алған жарақаты салдарынан қыркүйектің 16-сы күні Хельсинки ауруханасында қаза болған 28 жастағы антифашистің өлімі себеп болды. Қылмыстық оқиғаға күдікті ретінде неонацистік топтың 26 жастағы мүшесі ұсталған.

Финляндияның белгілі саясаткерлері бұл шабуылды айыптады. Елде расистік және экстремистік ұйымдарға тыйым салуға шақырған үндеулер айтылды.

XS
SM
MD
LG