Accessibility links

Нюрнбергтегі сот процесінің аяқталғанына 70 жыл толды


Нюрнбергтегі халықаралық трибунал отырысы. 1945 жыл. Мұрағаттағы сурет.

Нюрнбергтегі халықаралық трибунал отырысы. 1945 жыл. Мұрағаттағы сурет.

Нацистік Германияның бұрынғы жетекшілерінің қылмыстарын Нюрнбергтегі сот процесінде қараған халықаралық трибуналдың аяқталғанына қазанның 1-і күні 70 жыл толды. Халықаралық трибунал құру және оның жарғысын бекіту туралы АҚШ, СССР, Ұлыбритания және Франция 1945 жылы маусымның 26-сынан тамыздың 8-іне дейінгі аралықта өткен Лондон конференциясында келісімге келген болатын.

«Тарих соты» деген атауға ие болған Нюрнберг сот процесі ең басты қылмыскерлер – нацистік Германияның жоғарғы билігінде болған 24 саяси және әскери басшының ісін қараған. Халықаралық соттың үкімімен нацистер көсемі Адольф Гитлердің серіктері Герман Геринг, Иоахим фон Риббентроп, Вильгельм Кейтель және тағы тоғыз адам өлім жазасына кесіліп, дарға тартылған.

Үкім 1946 жылы қазанның 16-сына қараған түні Нюрнберг түрмесінде орындалған. Өзіне үкім шыққанын естіген Геринг түрме камерасында уланып өлген.

Адольф Гитлер, Генрих Гиммлер және Йозеф Геббельс 1945 жылы көктемде соғыс аяқталар алдында өз-өздерін өлтірген.

Нюрнберг сот процесі 1945 жылғы қарашаның 20-сынан 1946 жылғы қазанның 1-іне дейін жалғасқан.

XS
SM
MD
LG