Accessibility links

Бағдатта террорлық жарылыстан бірнеше адам қаза тапқан


Ирактың Кербела қаласында Ашура мерекесін атап өтуге жиналған халық. (Көрнекі сурет.)

Ирактың Кербела қаласында Ашура мерекесін атап өтуге жиналған халық. (Көрнекі сурет.)

Ирак астанасында өзін-өзі жарып жіберген терроршы шабуылынан кемінде жеті адам қаза тауып, жиырмаға жуығы жараланған. Полиция өкілінің хабарлауынша, террорлық шабуыл Бағдаттың батыс бөлігіндегі Эскан ауданында, тұрғындар қазан айында өтетін Ашура діни мерекесіне дайындалып жатқанда жасалған.

Бұл жарылыс үшін жауапкершілікті ешкім өзіне алған жоқ, алайда Иракта көпшілікті құрайтын шииттерге қарсы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы жиі шабуыл жасайды.

XS
SM
MD
LG