Accessibility links

Әзербайжанда конституцияға өзгеріс енгізу жөнінде референдум өтеді


Ильхам Әлиев, Әзербайжан президенті.
Ильхам Әлиев, Әзербайжан президенті.

Әзербайжанда бүгін конституцияға президент Ильхам Әлиевтің билігін нығайтатын өзгерістер енгізу жөнінде референдум өтеді. Елде 5,2 миллион адамның дауыс беруге құқығы бар. Дауыс беру бес мыңнан астам сайлау учаскелерінде өтеді.

Азаматтардан президенттің өкілеттік мерзімін ұзарту және болашақта президенттікке үміткерлердің ең төменгі жас мөлшерін азайтуға қатысты пікірі сұралады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары референдумды сынап жатыр. Белсенділер Әзербайжан билігі референдум арқылы журналистерге, азаматтық қоғам мен құқық қорғаушыларға қысымды күшейтті дейді. Олар Батыс елдерін Әзербайжан билігіне ықпалын күшейтуге шақырады.

Ильхам Әлиев президенттік қызметті 2003 жылдан бері атқарып келеді. Соңғы жылдары әлемде мұнай бағасының арзандауынан осы шикізатқа тәуелді Әзербайжанда экономикалық және әлеуметтік проблемалар дендей түскен.

XS
SM
MD
LG