Accessibility links

Босния сербтері даулы мерекені қолдап дауыс берді


Милорад Додик, Босния және Герцеговина құрамындағы Сербия Республикасының президенті.

Милорад Додик, Босния және Герцеговина құрамындағы Сербия Республикасының президенті.

Босния сербтері сот тыйым салғанына қарамастан өткен референдумда 9 қаңтарда атап өтілетін мерекені қолдап дауыс берді. Босния және Герцеговинаның босниялық сербтер тұратын ауданының билігі 25 қыркүйекте өткен референдумда берілген дауыстың 70 пайыздан астамын санағандағы нәтиже бойынша дауыс берушілердің 99,8 пайызы мерекені қалдыруды қолдағанын хабарлады. Биліктің мәліметінше, дауыс беруге сайлаушылардың 56-60 пайызы қатысқан.

Референдумды ұйымдастырған Сербия Республикасының президенті, ұлтшыл Милорад Додик дауыс беру тарихта "сербтердің өз-өзін анықтаған күні" ретінде қалатынын мәлімдеді.

Референдумда босниялық сербтерге 9 қаңтардағы мемлекеттік мерекені қалдыра беруді қалайсыз ба деген сауал қойылған. 9 қаңтарда серб православ христиандары Рождествоны атап өтеді. Ал 1992 жылы осы күні босниялық сербтер Босниядан тәуелсіздігін жариялап, оның соңы үш жылдық азамат соғысына ұласқан.

Референдум Босния және Герцеговинадағы 1995 жылғы бейбіт келісімнен бергі босниялық мұсылмандар мен сербтер арасындағы ең даулы тақырыпты күшейте түскен. Референдумды сынайтындар дауыс беру этникалық шиеленіс тудырып, босниялық сербтер арасында сепаратистік көңіл-күйдің артуына дем береді деп санайды.

17 қыркүйекте Боснияның конституциялық соты 9 қаңтардағы мереке босниялық мұсылмандар мен католик хорваттарды кемсітеді деп, референдумға тыйым салған.

XS
SM
MD
LG