Accessibility links

Әуе шабуылынан пәкістандық талибтердің үш жетекшісі мерт болған


Пәкістандық талибтерден бөлініп кеткен "Хан Саид" тобының жетекшісі, әуе шабуылынан оққа ұшты делінген Раис Хан.
Пәкістандық талибтерден бөлініп кеткен "Хан Саид" тобының жетекшісі, әуе шабуылынан оққа ұшты делінген Раис Хан.

Пәкістан қауіпсіздік күштері Ауғанстанның Пактика уәлаятында ауған және НАТО әскери-әуе күштерінің біріккен шабуылынан пәкістандық талибтердің үш жетекшісінің көзі жойылғанын хабарлады. Дереккөздері Азаттықтың Пәкістан редакциясына содырлардың "Хан Саид" тобының баспасөз хатшысы, Азам Тарик деген атпен белгілі Раис Ханның оққа ұшқанын айтады. "Хан Саид" тобындағы лауазымды өкіл Азаттыққа Раис Ханның 24 қыркүйек күні болған шабуылдан мерт болғанын растады. Раис Ханмен бірге оның ұлы және Солтүстік Вазиристаннан шыққан өзге екі содыр да қаза тапқан. Бірақ олардың аты-жөні белгісіз.

Ауғанстан қорғаныс министрлігі әуе шабуылы болғанын растап, одан "Әл-Қаиданың" үш жетекшісі мен өзге алты содырдың көзі жойылғанын мәлімдеді. Министрлік өкілі Мұхаммед Радманиш Пәкістан редакциясына оққа ұшқандар арасында Раис Ханның болуы әбден мүмкін екенін айтты.

"Хан Саид" тобы пәкістандық талибтер жетекшісі Мулла Фазлуалламен 2014 жылы арақатынасын үзіп, Солтүстік Вазиристанда олардан тәуелсіз әрекет ететінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG