Accessibility links

Қырғызстанда референдум туралы заң жобасы парламентке түсті


Қырғызстан конституциясы (Көрнекі сурет).

Қырғызстан конституциясы (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты 4 желтоқсанда референдум өткізу туралы заң жобасы парламентке түсті деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Парламенттің аппарат басшысы Абдыманап Кутушевтің айтуынша, заң жобасын талқылау барысында референдум өткізу мерзімі өзгеруі мүмкін.

- Ереже бойынша жобаны әуелі парламенттің конституциялық заңдар мен сот-құқықтық мәселелер жөніндегі комитеті қарап, одан соң жалпы талқылауға шығарылады. Түпкілікті шешім талқылаудан соң қабылданады, - деді Кутушев.

Қырғыз парламенті өткен аптада конституцияны өзгерту туралы заң жобасына қолдау білдірген. Конституцияға өзгерістер енгізуге қарсы оппозиция референдум өткізуге қарсы және парламентті таратуға қол жинайын деп жатыр.

Конституциялық реформаның басты мақсаты үкіметтің құзыретін күшейтіп, сот реформасын жеделдету деп саналады. Оппозиция конституцияға өзгерістер енгізу үшін заңдар бұзылады, ал өзгерістер мен толықтырулар мемлекет мүддесіне қайшы деп санайды.

Бірақ президент Алмазбек Атамбаев пен парламенттегі Қырғызстан социал-демократиялық партиясы, "Республика - Ата Жұрт" партиясы, "Қырғызстан", "Өнүгуу - Прогресс" және "Бир бол" партияларының фракциялары "Конституция мемлекет мүддесі үшін өзгертіледі" дейді.

XS
SM
MD
LG