Accessibility links

Өзбекстанда имамдар тұрғындарды мақта теруге шақыра бастады


Өзбекстанда мақта теріп жүрген адамдар (Көрнекі сурет).

Өзбекстанда мақта теріп жүрген адамдар (Көрнекі сурет).

Өзбекстанда мақта жинау науқаны қызған шақта кейбір имамдар жұма намазынан кейінгі уағыздарда тұрғындарды мақта теруге шығуға шақыра бастады деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек редакциясы. Кейбір имамдар тіпті мақта теруді әрбір мұсылманның парызы деген пәтуа да шығарған. Сонымен қатар, мешіттердің көпшілігінде құлшылыққа келгендерден мақта жинауға ақша да жиналып жатыр.

Ташкенттегі "Хазрати Али" мешіті қызметкерлерінің бірі Азаттыққа бұл ақпаратты растады. Оның сөзінше, имамдар тұрғындарды мақта теруге Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен шақырып жатыр.

Өзбекстанның бірнеше облысының тұрғындары өткен жұмада мешіттерде мақта теруге шақырған уағыздар айтылғанын растады. Бұдан өзге, кейбір ауылдық жердегі мешіттердің имамдарының өздері де мақта теруге шығып жүр.

Халықаралық ұйымдар биліктің мақта теруге және басқа да егістік жұмыстарына халықты мәжбүрлеп тартуын бірнеше жылдан бері сынап келеді. Бірнеше құқық қорғау ұйымынан құралған Cotton Campaign тобы Өзбекстан үкіметін мәжбүрлі еңбектен бас тартуға үнемі шақырады.

XS
SM
MD
LG