Accessibility links

Жапонияның солтүстігі мен оңтүстігінде бүгін екі жер сілкінісі болды. Жапония билігінің мәлімдеуінше, зілзаладан кейінгі цунами тұру қаупі жоқ.

Қуаты 5,5 магнитуда болатын жер сілкінісі Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралынан оңтүстікке қарай жергілікті уақыт бойынша сағат 14-те болды. Бұдан бірнеше минуттан соң Окинава аралының оңтүстігінде қуаты 5,7 магнитуданы құрайтын екінші дүмпу болды.

Әзірге зілзаладан зардап шеккендер мен қираған нысандар бары туралы мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG