Accessibility links

Украинада атып кеткен екі полиция қызметкерін еске алып жатыр


Атып кеткен екі полиция қызметкерін еске алу. Украина, 25 қыркүйек 2016 жыл.
Атып кеткен екі полиция қызметкерін еске алу. Украина, 25 қыркүйек 2016 жыл.

Украинаның шығысындағы Днепр қаласында бір күн бұрын атып кеткен екі полиция қызметкерін еске алып жатыр.

Украина билігінің хабарлауынша, екі жол полициясы қызметкерін 25 қыркүйекте бұрынғы полиция қызметкері атып кеткен. Құқық қорғау органдары қылмысқа күдікті деп Александр Пугачев есімді азаматты ұстады. Тергеушілер күдікті жол полициясы қызметкерлерін олар Пугачевтің көлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан кезде атып кеткен дейді.

Пугачев полиция қызметкерлері оның кім екенін білмек болғанда оқ атқан.

Ішкі істер министрлігіне қарасты "Торнадо" арнайы жасағының бұрынғы қызметкері Пугачев бұған дейін кісі ұрлады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және жыныстық зорлық көрсетті деген күдікпен іздеуде болған.

Тергеушілер 26 қыркүйекте Пугачев өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG