Accessibility links

Түркияда жарылыстан екі әскери қызметкер қаза тапты


Түркияда жарылыс болған орында жүрген полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).
Түркияда жарылыс болған орында жүрген полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Түркияның оңтүстік-шығысында бүгін әскери көлік жарылып, кем дегенде екі сарбаз қаза тапты. Жарылыстан сегіз сарбаз жараланды.

Жарылыс елдің этникалық күрдтер басым тұратын Дерик және Кызылтепе қалалары арасындағы жолда болған.

Жарылыс жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына ала қойған жоқ. Дегенмен Түркия билігі жарылысты аймақта болған осыған ұқсас жарылыстар мен шабуылдарды мойнына алған, тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясынан көреді.

XS
SM
MD
LG