Accessibility links

Олланд: Каледегі мигранттар лагері жыл соңына дейін жабылады


Франсуа Олланд, Франция пезиденті.
Франсуа Олланд, Франция пезиденті.

Франция президенті Франсуа Олланд портты Кале қаласының маңындағы мигранттар лагері осы жылдың соңына дейін түбегейлі жабылатынын мәлімдеді.

Қыркүйектің 26-сы күні Каледе сөйлеген Олланд лагерьге "гуманитарлық шұғыл жәрдем керек екенін" айтып, Ұлыбритания "Франция жасап жатқан гуманитарлық шараларға қатысады" деп үміттенетінін білдірді.

Лагерде қазір 7-10 мың аралығында мигрант тұрып жатыр. Олар Ағылшын каналы арқылы Ұлыбританияға өтіп, сол елден босқын мәртебесін алғысы келеді.

Биыл жаздың басында Франция үкіметі мигранттарды олардың босқын мәртебесін беру туралы өтініштерін қарағанға дейін елдегі бірнеше лагерге бөліп тастау жоспарын жариялаған.

Франсуа Олланд президент болған 2012 жылдан бері Калеге бірінші рет сапарлап отыр.

XS
SM
MD
LG