Accessibility links

Ресейдің жаңа атом сүңгуір қайығы Тынық мұхитына жетті


"Владимир Мономах" атом сүңгуір қайығы Солтүстік флоттағы Гаджиево базасында.
"Владимир Мономах" атом сүңгуір қайығы Солтүстік флоттағы Гаджиево базасында.

Ресейдің ядролық қарумен жарақталған жаңа "Владимир Мономах" сүңгуір қайығы Қиыр Шығыстағы Камчатка түбегінде орналасқан Вилючинск базасына жетті. Ресей әскери-теңіз флоты 26 қыркүйекте сүңгуір қайық Солтүстік флоттан бастаған сапарын аяқтағанын хабарлады.

"Владимир Мономах" бұл базада тұрақты қызметте болады.

Сүңгуір қайықты құрастыру жұмысы 2006 жылы басталып, 2014 жылы флотқа берілген.

"Владимир Мономах" - Ресейдің "Борей" санаттағы үшінші сүңгуір қайығы. Қайық әрқайсысы алтыдан 10-ға дейін ядролық оқтұмсық алып ұша алатын, қайықтан атылатын 16 "Булава" құрлықаралық зымыранымен жарақталған.

XS
SM
MD
LG