Accessibility links

Исландия: Ресей әскери ұшақтары жолаушылар ұшағына жақын ұшты


Ресейдің "Туполев" бомбалаушы ұшағы (Көрнекі сурет).
Ресейдің "Туполев" бомбалаушы ұшағы (Көрнекі сурет).

Исландия билігі ресейлік әскери ұшақтардың исландиялық жолаушы ұшағына радарға көрінбей тым жақын ұшып өткеніне алаңдайтынын білдірді. Исландия сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, үш "Туполев" бомбалаушы ұшағы 22 қыркүйекте Рейкьявиктен Стокгольмге ұшып шыққан коммерциялық ұшақтан 1800-2700 метр аралығындағы қашықтықтан транспондерін өшіріп тастап ұшып өткен. Транспондері өшкен ұшақ азаматтық авиация радарларына көрінбейді.

Кабинадан бомбалаушы ұшақты байқаған жолаушылар ұшағы командирінің пікіріне қарағанда, ресейлік ұшқыштардың әрекеті жолаушылар ұшағы үшін тым қауіпті.

Исландия сыртқы істер министрлігінің өкілі France Press агенттігіне Исландияның "Ресей әскери ұшақтарының жолаушылар ұшақтарына қауіп төндіре отырып, радарға көрінбей жиі ұшуына байланысты наразылығын үнемі білдіріп келгенін" айтқан.

Рейкьявиктегі Ресей дипломаты Алексей Шадский бомбалаушы ұшақтардың әрекеті халықаралық талаптарға сай келеді дейді. Ол Исландия билігі Кеблавиктегі 2006 жылы жабылған америкалық әскери базаның жұмысын қайта қалпына келтіру үшін "Ресей қауіп-қатерінің келбетін жасауға әрекеттеніп отыр дейді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде маңызды рөл атқарған Кеблавиктегі әуе базасы қырғи-қабақ соғыс кезеңі аяқталған соң маңызын жоғалтқан еді.

XS
SM
MD
LG