Accessibility links

Иран Канада университетінің профессорын түрмеден босатты


Канада және Иран азаматы, Монреалдағы Конкордия антропология университетінің профессоры Хома Худфар.
Канада және Иран азаматы, Монреалдағы Конкордия антропология университетінің профессоры Хома Худфар.

Иран билігі түрмеде отырған Иран және Канада азаматы, профессор Хома Худфарды босатты. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Бахрам Касемидің мәлімдеуінше, Худфар адамгершілік тұрғысында босатылған. Ол "Канада университетінде сабақ беретін зейнет жасындағы әйел, Иранда бірнеше айып бойынша ұсталған Хома Худфар адамгершілік тұрғысында, нақтырақ айтсақ сырқатына байланысты босатылып, Оман арқылы Канадаға кетті" деді.

Наурыз айында жұбайы қайтыс болған соң Иранға туыстарына келген Худфардың елден шығуына тыйым салынған. Отбасы мүшелері Худфардың маусымнан бері Тегерандағы Эвин түрмесінде отырғанын хабарлаған. Иранда соңғы айларда қос азаматтығы, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания және Франция азаматтығы бар ирандықтар жиі қудалауға ұшырап жатыр.

XS
SM
MD
LG