Accessibility links

Әсет Матаев: Бізге қарсы іс - аузымызды жабу және рейдерлік


Сейітқазы Матаев (оң жақта) пен оның ұлы Әсет Матаев Астанада өтіп жатқан сотта
Сейітқазы Матаев (оң жақта) пен оның ұлы Әсет Матаев Астанада өтіп жатқан сотта

Астанада өтіп жатқан сотта Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің жетекшісі Әсет Матаев жарыссөзде сөйледі деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Есіл аудандық сотындағы процесте әуелі прокурор Ержан Құрақбаев сөйлеп, Сейітқазы Матаевты қаржы жымқырды және салықтан жалтарды деп айыптап, 6 жыл сегіз айға соттауды, Әсет Матаевты қаржы жымқырды деп айыптап, 6 жылға соттауды сұраған.

Әсет Матаев өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарып, істі "рейдерлік" деп атады. "Мен ешқандай жаза мерзімінен қорықпаймын. Айыпты емеспін. Әкем де шешем де журналист. Біз өткір мәселелерді айттық. Мұның барлығы - рейдерлік, аузымызды жабу. Бізге жабылған айыптарға күлкім келеді. Біресе 450, біресе 350 миллион теңге дейді. Мұның барлығы - жала" деді ол.

Әсет Матаев әкесі екеуін "тазамыз" деп, өздерін қолдаған адамдардың барлығына, журналистер мен қарапайым адамдарға, Ресей журналистер одағына, Қырғызстан мен Тәжікстан журналистеріне, Еуропарламент депутаттарына алғыс білдірді.

Одан соң Сейітқазы Матаев сөйлеп, прокуратураның "істі дұрыс қарамағанын" айтты. Ол "Менде ешқандай қобалжу жоқ. Тағдыр мен түрмеден қашып кете алмайсың. Істе нақты факт жоқ, тек болжамдарға сүйеніп отыр" деді.

XS
SM
MD
LG