Accessibility links

БҰҰ өкілдігі: Қазақстандағы әйелдердің 16 пайызы тұрмыстық зорлық көрген


Әлеуметтік осал топтағы әйелдер мәселесіне арналған семинар. Шымкент, 27 қыркүйек 2016 жыл.
Әлеуметтік осал топтағы әйелдер мәселесіне арналған семинар. Шымкент, 27 қыркүйек 2016 жыл.

Қазақстандағы әйелдердің 16 пайызы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған деп мәлімдеді Қазақстандағы БҰҰ әйелдер бағдарламаларының үйлестірушісі Гүлназ Смайылова. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Смайылова бұл туралы бүгін Шымкентте өтіп жатқан "Әлеуметтік осал топтағы әйелдерді жұмыспен қамту саласындағы кәсіпкерлік және табыс көздерін арттыру мүмкіндіктері" деп аталатын семинарда айтты.

Смайылованың сөзіне қарағанда, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі жүргізген есеп бойынша, өткен жылы Қазақстандағы әйелдердің 16 пайызы түрлі зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталған. Ол әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерге мүгедек әйелдер, жалғыз басты әйелдер, жұмыссыз әйелдер мен ВИЧ жұқтырған әйелдер кіретінін айтады. Смайылованың сөзі бойынша, Қазақстандағы әлеуметтік осал топтағы әйелдер мәселесі күрделі күйінде қалып отыр.

Жиынға БҰҰ өкілдігі, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылар қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG