Accessibility links

Дрезден полициясы: Мешіттегі жарылысқа ксенофобия себеп


Жарылыс болған Фатих Камиль мешіті алдында жүрген полиция қызметкерлері. Дрезден, Германия, 27 қыркүйек 2016 жыл.

Жарылыс болған Фатих Камиль мешіті алдында жүрген полиция қызметкерлері. Дрезден, Германия, 27 қыркүйек 2016 жыл.

Германияның шығысындағы Дрезден қаласындағы Фатих Камиль мешіті пен конгресс орталығында екі жарылыс болды. Жарылыстардан ешкім зардап шекпеді.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, жарылыстар 26 қыркүйек күні кешке қарай болған. Тергеушілер жарылыс орындарынан қолдан жасалған жарылғыш заттардың бөлшектерін тапқан.

Жарылыстардан соң қаладағы мешіттерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

"Жарылыс жауапкершілігін ешкім мойнына алмаған күннің өзінде біз мұны ксенофобиялық пиғылдан жасалған деп санауымыз керек" деді Дрезден полициясының өкілі Хорст Кречмар.

Дрезден - Саксония федералдық аймағының орталығы және мигранттарға қарсы көңіл-күй басым қала саналады.

XS
SM
MD
LG