Accessibility links

Түркияда барлау қызметінің 87 қызметкері жұмыстан шығарылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Түркияда ұлттық барлау қызметінің 87 қызметкері АҚШ-та тұратын дін қайраткері, Анкара мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптаған Фетхулла Гүленмен байланысы бар деген күдікпен қызметтен босатылды. Ресми ақпарат құралдары 52 қызметкерге қарсы іс қозғалғанын айтады. 15 шілдеде іске аспай қалған мелмекеттік төңкерістен бері ұлттық барлау қызметінен барлығы 141 қызметкер босатылып, олардың 100-іне қатысты тергеу аяқталған.

Түркиядағы ең ықпалды билік институтында мұндай "тазалау" бірінші рет болып отыр. Іске аспай қалған бүліктен соң Анкараның шешімімен жүз мыңнан астам полиция қызметкері, әскерилер мен мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылған.

Түркия АҚШ-қа Гүленді экстрадициялауды сұрап ресми түрде өтініш білдірген. Вашингтон Анкарадан оның бүлікке қатысы барына дәлел беруін талап етеді. АҚШ-тың Пенсильвания штатында 1999 жылдан бері тұратын Гүлен бүлікке қатысы барын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG