Accessibility links

Сербия Республикасының басшысы Сараевоға барудан бас тартты


Милорад Додик, Босния және Герцеговина құрамындағы Сербия Республикасының басшысы.
Милорад Додик, Босния және Герцеговина құрамындағы Сербия Республикасының басшысы.

Босния және Герцеговина құрамындағы автономиялық Сербия Республикасының басшысы Милорад Додик жоғарғы соттың тыйым салғанына қарамастан референдум өткізген соң прокуратураның шақыртуы бойынша Сараевоға барудан бас тартты.

Босниялық сербтердің көпшілігі 25 қыркүйекте өткен референдумда 9 қаңтардағы мемлекеттік мерекені қалдыруды қолдап дауыс берген. Референдумнан соң Додикті жағдайға түсінік беру үшін Сараевоға шақыртқан. Бірақ ол қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтып, Сараевоға барудан бас тартатынын мәлімдеді.

Сараевоға барудан бас тартқандықтан прокуратура Милорад Додикті тұтқындауға ордер беруі мүмкін. Бірақ Сараевоның ықпалы әлсіз Сербия Республикасында оны тұтқындау қиын болмақ.

Босния және Герцеговинаның конституциялық соты референдумды өткізуге тыйым салып, 9 қаңтардағы мерекені заңсыз және өзге серб емес азаматтарды кемсітеді деп тапқан. Бірақ Додик сот шешімі мен АҚШ және Еуропа Одағының қысымына қарамастан референдум өткізген.

Босния және Герцеговинада конституциялық сот шешімін орындамағандарға алты айдан бес жылға дейінгі мерзімге сотталу жазасы қарастырылған.

XS
SM
MD
LG