Accessibility links

Тегеран мен Эр-Рияд мұнай өндіру көлемін көбейтпеуге келісе алмады


Иран мұнай министрі Биджан Занган ОПЕК жиынында сөйлеп тұр. Алжир, 27 қыркүйек 2016 жыл.
Иран мұнай министрі Биджан Занган ОПЕК жиынында сөйлеп тұр. Алжир, 27 қыркүйек 2016 жыл.

Иран мен Сауд Арабиясы Эр-Рияд пен Мәскеу ұсынған мұнай өндіру көлемін азайту туралы жоспарға келісе алмай жатқан тұста мұнай бағасы тағы арзандады.

27 қыркүйекте Алжирде өткен Мұнай өндіруші елдер ұйымы (ОПЕК) мемлекеттерінің жиынында Иран Сауд Арабиясының Тегеран өндіріс көлемін қазіргі күніне 3,6 миллион баррель деңгейінен асырмаған жағдайда өндіріс көлемін азайту туралы ұсынын қабылдамай тастады. ОПЕК өкілдерінің хабарлауынша, Тегеран Иранның өндіріс көлемін 2012 жылы халықаралық санкциялар салынғанға дейінгі күніне төрт миллион баррель деңгейіне жеткізу құқығы сақталуын талап етеді.

Дегенмен, Ресей мен Сауд Арабиясы Тегеран мен Эр-Рияд арасындағы бұл келіспеушілікке қарамастан Иран мен ОПЕК-тің өзге де елдері ақыр соңында өндіріс көлемін асырмай ұстап тұру келісіміне қосылады деп үміттенеді.

"ОПЕК елдері арасындағы алшақтық азайып келеді. Нарықтың оң бағытта келе жатқан фундаменталдық факторларына және өндірушілер ортақ пікірге келеді дегенге сүйене отырып оптимистік көзқараста қала беремін" деп мәлімдеді жиыннан соң Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих.

Ресей энергетика министрі Александр Новак өндіріс көлемін қазіргі деңгейде ұстап тұру ықтималдығы төмен екенін, бірақ бұл алдағы жарты жылда мұнай бағасының тұрақты болуына ықпал ететініне сенімді екенін мәлімдеді. Новак ОПЕК-тің ресми кездесуіне қатыспағанымен, Алжирде осы жиынның аясында бірнеше кездесу өткізді. Ол өндіріс көлемін қазіргі деңгейде ұстап тұру келісімінде бірнеше жыл санкцияда болған Иран мен көтерілісшілермен күрес нәтижесінде биыл өндіріс көлемі азайып кеткен Нигерия және Ливия үшін жеңілдік жасау идеясын қолдайтынын айтты.

XS
SM
MD
LG