Accessibility links

Тоқаев қайтыс болған Перес туралы пікір білдірді


Шимон Перес, Израильдің бұрынғы президенті әрі премьер-министрі.
Шимон Перес, Израильдің бұрынғы президенті әрі премьер-министрі.

Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің бұрынғы президенті әрі премьер-министрі Шимон Перестің қайтыс болуына байланысты ол туралы пікір білдірді. Twitter-дегі парақшасында Тоқаев ол туралы "Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Шимон Перес қайтыс болды. Израиль мемлекетін құрғандардың соңғы өкілі. Қазақстанның досы" деп жазды.

Тоқаев сонымен қатар Twitter-де Перестің саясаткерлер, соғыс пен бейбітшілік туралы айтқан сөздерінен үзінділер келтірген.

92 жастағы Шимон Перес бүгін таңертең Тель-Авив түбіндегі ауруханада көз жұмды. Перес 13 қыркүйекте екі апта бұрын алған инсульттен соң ауруханаға түскен.

Шимон Перес 2007 жылдан 2014 жылдың шілдесіне дейін Израиль президенті болған. Ол Израиль үкіметін 1995-1996 жылдар аралығында басқарған.

1992 жылы ол Израиль сыртқы істер министрі болып тұрғанында Палестинаны азат ету ұйымының жетекшісі Ясир Арафатпен құпия келіссөз жүргізген. Келіссөз нәтижесінде Ослода келісімге қол қойылған. Бұл жетістікке байланысты Арафатқа, Перес пен Израильдің сол кездегі премьер-министрі Ицхак Рабинге бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілген.

XS
SM
MD
LG