Accessibility links

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік индексіндегі көрсеткіші төмендеді


Қазақстандағы мұнай өндіру (Көрнекі сурет).
Қазақстандағы мұнай өндіру (Көрнекі сурет).

Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілеттілік индексінде 11 орын төмендеп, 53-орынды иеленді. Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік туралы есебінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің бұлай көп төмендеуіне "мұнай экспортынан түсетін табыстың азаюынан мемлекеттік қаржы саласындағы жағдайының нашарлауы себеп болғаны айтылады.

Посткеңестік елдер арасында Қырғызстан (111-орын) мен Молдованың 100-орын) рейтингі де төмендеген. Баяндама авторлары Қырғызстан мен Молдова рейтингтерінің төмендеуіне бұл елдердегі инфляцияның жоғарылауы мен экономикалық өсімнің азаюы себеп дейді.

Посткеңестік елдер арасында Грузия (59-орын) мен Тәжікстанның (77-орын) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері жақсарған.

Әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі ең жоғары үш ел - Швейцария, Сингапур және АҚШ деп танылған. Ресей индексте өткен жылмен салыстырғанда екі орынға жоғарылап, 43-орынды иеленген.

XS
SM
MD
LG