Accessibility links

Павлодарда фармацевтика компаниясының жұмысшылары аштық жариялады


Павлодар облысының аумақтық картасы.
Павлодар облысының аумақтық картасы.

Павлодардағы "Ромат" фармацевтикалық компаниясының бір топ жұмысшысы компанияның банкрот деп жариялануына наразылық білдіріп, облыстық сот ғимаратының бірінде аштық жариялап жатыр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, компанияның банкрот деп жариялануына "Центр кредит банкі" алдындағы қарызын өтемеуі себеп болған.

"Центр кредит банкінің" мәлімдеуінше, "Ромат" компаниясы банктен несие алып, бірақ 2013-2015 жылдары қарызын қайтармаған. Банктің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, "банк 14 рет қарызды қайтару шарттарын жеңілдеткен". Бірақ "Ромат" компаниясы қарызды қайтара алмаған. Осыдан кейін банк компанияны сотқа беріп, сот шешімімен банк шағымы қанағаттандырылған. Сот компанияға реабилитация жасауға уақыт бергенімен, компания реабилитация уақыты бітсе де қарызды қайтарғанмаған".

Банк шағымына қатысты биыл 13 маусымда болған отырыста сот компанияны банкрот деп жариялау процесін бастау туралы шешім шығарған. Ал "Ромат" қызметкерлері екі айдан бері жалақы алмағандарын, қазір жұмыссыз отырғандарын айтады.

- Сот процестеріне байланысты тамыздың соңынан бастап жұмыс тоқтап қалды. Соңғы отырыста сот компанияны банкрот деп жариялады. бір мың бес жүз қызметкері бар компанияда көп жұмысшы қысқарып, бес жүз адам қалдық. Компания қызметкерлерінің жартысы өз еріктерімен аштық жариялады. Компанияны шынымен банкрот деп жариялап, жауып тастай ма деп қауіптенеміз, - дейді осы компанияда 15 жыл жұмыс істеген Ольга Карлык.

Аштық жариялаған жұмысшылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, үкіметтен дәрі-дәрмек шығаратын компанияны сақтап қалуды сұрайды.

XS
SM
MD
LG