Accessibility links

Астанада қазақстан-қытай туристік форумы өтіп жатыр


Астанада өтіп жатқан қазақстан-қытай туристік форумы. 28 қыркүйек 2016 жыл.

Астанада өтіп жатқан қазақстан-қытай туристік форумы. 28 қыркүйек 2016 жыл.

Қазақстандық компаниялар Қытайдан келетін туристерге арнап 320 доллар тұратын "Жеті күнге барлығы енгізілген" деп аталатын туристік пакет даярлады деп хабарланды бүгін Астанада басталған бірінші қазақстан-қытай туристік форумында. Туристік пакет Қытайдан туристер тарту мақсатында жасалған.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, форумды "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, астаналық туризм ассоциациясы мен Қазақстан туристік агенттіктерінің ассоциациясы ұйымдастырған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумда халықаралық Қытай туризмінің болашағы мен Қытайдан Қазақстанға туристік сапар жасаудың келешегі жөніндегі мәселелер талқыланбақ.

Қазақстандық туристік операторлар Қытай нарығын өткен жылы Қытайдан топпен келетін туристер үшін жеңілдіктер жасау туралы меморандумға қол қойылғандықтан таңдағанын айтады. Олар бұдан өзге Қытайдан туристерді тартуды қытайлықтардың ең көп саяхаттайтын ұлттардың бірі болғандықтан мақсат еткенін де айтады.

Қытайдың туризм ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасының арнайы өкілі Дай Биннің айтуына қарағанда, Қазақстанда болған қытайлық туристер "тіпті Қарағанды сияқты шағын қалалардың өзінде" Wi-Fi болғанына таң қалған. Дай Бин қытайлық туристерге саяхаттау үшін көлік инфрақұрылымының дамығаны мен кәдесый сататын дүкендердің көп болғаны маңызды екенін айтады. Оның сөзінше, қытайлық туристер Қазақстанды көлікпен саяхаттауға қолайлы ел деп санайды.

Қазақстан-Қытай туристік форумы басталар алдында Қазақстан туристік агенттіктері ассоциациясының президенті Әсел Нүркебаева қытайлықтарға Қазақстанда саяхаттаудың барлық бағыттары қызықты екенін және олар шетелге саяхатқа көбіне топ болып шығатынын айтты.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG