Accessibility links

Қаражанбас кенішінде ауаға газ-су қоспасы таралды


Маңғыстау облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Маңғыстау облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Маңғыстау облысының Қаражанбас кенішіндегі ұңғымалардың бірінде ауаға газ-су қоспасы төгілді деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың ақпаратына қарағанда, 27 қыркүйекте таңертең Түпқараған ауданындағы кеніште ұңғымалардың бірінде жерасты жөндеу жұмыстары кезінде ашық аспанға газ-су қоспасы атқылаған.

Әлеуметтік желілерде таралған видеода жерден су мен газдың қоспасына ұқсайтын сұйықтың жоғарыға қарай бұрқақ сияқты атқылағаны көрінеді. Оқиға орнында арнайы жарақталған көлік пен жедел жәрдем көлігі байқалады.

Комитеттің ақпаратына қарағанда, төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Кәсіпорын қоспа төгілуінің салдарын өз күшімен жойып, сол күні аяқтаған.

XS
SM
MD
LG