Accessibility links

АҚШ конгресі Барак Обаманың ветосын жойды


Барак Обама, АҚШ президенті.
Барак Обама, АҚШ президенті.

АҚШ конгресі президент Барак Обаманың 2001 жылы 11 қыркүйектегі терактілер кезінде қаза тапқандардың туыстарын Сауд Арабиясына қарсы шағым беру мүмкіндігінен айыратын ветосын жойды. Шешімді конгрестің қос палатасының өкілдері - республикашылдар мен демократтар бірдей қолдады. Мұндай оқиға Обама президент қызметінде отырған сегіз жылдан бері бірінші рет болып отыр.

Вето жойылса америкалықтардың Эр-Риядпен соттасуына мүмкіндік беретін заң күшіне енеді. Ақ үй өкілдері бұған дейін мұндай шағымдар Таяу Шығыс аймағындағы америкалық әскерилердің қауіпсіздігіне қатер төндіруі екенін бірнеше рет ескерткен. Президент әкімшілігі бұдан өзге жаңа заң өзге ел азаматтарының АҚШ-тың шетелдегі әскери кампаниясына қарсы Вашингтонмен соттасуына да жол ашуы ықтимал дейді.

XS
SM
MD
LG