Accessibility links

АҚШ Ресейге Сирия бойынша ынтымақтастығын үзетінін ескертті


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Вашингтон егер Мәскеу мен Сирия билігі Алепподағы әскери операциясын тоқтатпаса Сирияда Ресеймен ынтымақтастығын үзетінін ескертті. АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдеуіне қарағанда, Керри Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа мұндай ультиматумды 28 қыркүйекте телефонмен сөйлескенінде қойған.

Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби Вашингтон "егер Ресей Алепподағы операциясын тоқтату әрекеттерін дереу жасамаса Ресеймен екіжақты ынтымақтастығын тоқтатуға дайындалатынын" хабарлады. Ресей сыртқы істер министрлігі Лавров Керримен сөйлескенінде АҚШ-ты өзінің Сириядағы оппозициялық және террорлық топтарды бөлу міндетін орындауға шақырғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG