Accessibility links

Адвокат: Слекишина ісіндегі күдікті айыбын ішінара мойындады


Алматыдағы әйелдер түрмесі (Көрнекі сурет).

Алматыдағы әйелдер түрмесі (Көрнекі сурет).

Түрмеде зорланып, бала тапты делінген тұтқын Наталья Слекишинаның ісі бойынша сотталушы Руслан Хакимовке қысым көрсетті" деп күдікке ілінген Алматы тергеу изоляторының бұрынғы қызметкері Руслан Хакимов сотта соңғы сөзін айтты. Адвокат Айман Омарованың Азаттыққа айтуына қарағанда, Хакимов өзіне тағылған "қызметін асыра пайдалану" бабы бойынша тағылған айыпты мойындап, "адам зорлау" және "азаптау" баптары бойынша кінәсін мойындамаған.

Адвокаттың сөзі бойынша, Түрксіб аудандық сотында өтіп жатқан процесте Хакимов тұтқынды зорлағанын терістеп, "жыныстық қатынас ерікті түрде болғанын" қайталаған.

Бұған дейін прокурор Хакимовты 10 жылға соттауды сұраған.

Бұған дейін Слекишина өзіне қысым көрсетіліп, тергеу кезінде айтқан сөздерін мәжбүрлі түрде өзгерткенін айтқан.

Наталья Слекишина 2015 жылы Алматыдағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/18 түрмесінде қамауда отырғанда өзін бір топ адам зорлады деп мәлімдеген. Слекишина бұдан соң жүкті болып, қыз туғанын айтқан. Сараптама нәтижесінде дүниеге келген сәбидің әкесі осы түрме қызметкерлерінің бірі екені анықталған. Күдікті ретінде түрменің төрт қызметкері тергелген.

Адвокат сот үкімі ертең жарияланатынын айтады.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG