Accessibility links

Меркідегі мұнай базасындағы өрттен жараланған екінші адам көз жұмды


Жамбыл облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысында ауруханада жергілікті мұнай базасында болған өрттен зардап шеккен екінші адам көз жұмды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Кәсіпорынның үш жұмысшысы 22 қыркүйекте Меркі ауданының Меркі ауылында болған өрттен денелерінің көп бөлігін күйік шалып ауруханаға түскен еді.

"Кеше шамамен сағат 19-да 42 жастағы электрик қайтыс болды. Ол есін жимастан көз жұмды. Өрт кезінде денесінің жүз пайызын, тыныс жолдарын үшінші, төртінші дәрежеде күйік шалған. Ауруханада тағы бір адам жатыр. Оның халі өте ауыр, ес-түссіз, аппаратмен демалып жатыр" деген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Толқын Өмірбаева.

Жараланғандардың бірі - кәсіпорынның бас инженері Сергей Ким осы аптада ауруханада қайтыс болған.

Меркі ауылындағы мұнай базасындағы өрт 22 қыркүйек күні бензинді құйып алу кезінде шыққан. Өрттен цистерна мен жанармай құятын екі резервуар және қойма өртенген.

XS
SM
MD
LG