Accessibility links

Үкімет "Қазақстан теміржолын" қайта құрмақ


Шу темір жол станциясында. 19 шілде 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Шу темір жол станциясында. 19 шілде 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстанның инвестиция және даму министрлігі "Қазақстан теміржолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясын қайта құруға дайындық басталатынын хабарлады.

Үкімет компания құрамынан "ҚТЖ-Инфрақұрылымның" бөлінетінін айтады. Бұл "көлік жүйесін 2020 жылға дейінгі дамыту және интеграциялаудың мемлекеттік бағдарламасына және 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сай" қызметті инфрақұрылымдық және тасымалдау түрлеріне бөлу қажеттігінен туындаған.

Ресми ақпаратқа қарағанда, "ҚТЖ-Инфрақұрылым" мемлекеттік және жекеменшік тасымалдаушыларды теміржол желілеріне шығарумен айналыспақ.

Өткен жылы теміржол компанияларының айналымы 750 миллиард теңгені (2,2 миллиард доллар) құраған. "Қазақстан теміржолының" сайтында келтірілген мәлімет бойынша, елдің теміржол саласында 156 мың адам жұмыс істейді. "Қазақстан теміржолының" бірден-бір акционері - "Самұрық-Қазына" қоры.

XS
SM
MD
LG