Accessibility links

Ошта төрт адам "ИМ-ге қатысы бар" деген айыппен сотталды


Ош қаласындағы милиция бөлімі, Қырғызстан (Көрнекі сурет).

Ош қаласындағы милиция бөлімі, Қырғызстан (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Ош қалалық соты "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобына қатысы бар деген айыппен төрт адамды соттады. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) бүгін Қырғызстанның екі азаматы мен Өзбекстанның екі азаматы 10-нан 18 жылға дейінгі мерзімге сотталғанын хабарлады.

Аты-жөні аталмаған, 21-27 жас аралығындағы төрт ер адам сонымен қатар Қырғызстан территориясында шабуылдар жасады деп айыпталған. МҰҚК төрт сотталушы да ИМ қатарына шетелде жұмыс істеп жүргенде интернет арқылы қосылған.

Қырғызстан мен Орталық Азияның өзге де мемлекеттерінің билігі Сирия мен Ирактағы ИМ қатарына жүздеген азаматы қосылғанын айтады.

XS
SM
MD
LG