Accessibility links

Петропавлда "ұлтаралық араздық тудырған" тұрғынның соты өтіп жатыр


Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Петропавл қалалық сотында ұлтаралық және дінаралық араздық туғызды, сепаратистік әрекет жасады деп айып тағылған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыныы Игорь Чупринге қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Игорь Чупринге қылмыстық кодекстің 174 ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") және 180-баптары ("Сепаратистік әрекет") бойынша айып тағылып отыр. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, 37 жастағы Игорь Чуприна "Вконтакте" әлеуметтік желісінде "ұлтаралық араздық туғызатын" жазбалар жазып отырған. Ол жазбалар көптеген желі қолданушыларының наразылығын туғызған болатын. Бұған дейінгі отырыстарда сұралған куәгерлер Игорь Чуприннің "Референдум" деген жазбасы ашуымызға тиді деген болатын.

Бүгінгі сотта Алматы қаласының екі куәгерінен Skype арқылы жауап алынды. Кәугер ретінде сұралған Нұрхан Абдрахманов Игорь Чупринмен 2 жыл бұрын "Вконтакте" әлеуметтік желісінде танысқан. Айтуынша, айыпталушының "Бүкіл Қазақстан бойынша барлық қалалар мен зауыттарды орыс халқы тұрғызды. Егер оларды біз тұрғызған болсақ, онда олар біздікі. Ең бастысы көптеген қалаларды біз тұрғыздық, онда жер біздікі" деген жазбалары намысына тиген.

Ал Расул Мерген есімді куәгер Игорь Чуприннің "Солтүстік Қазақстан облысында қазақтар тек 30 пайызды құрайды, Ресейден адамдар шақырту керек, қазақтар қорқақ халық, Еуропа алыс сондықтан қазақтарға ешкім көмектесе алмайды" деген жазбасына ашуы келгенін айтады. Ал Расул Мерген оған жауап ретінде бірнеше фото суреттер мен карталар жіберген. Расул Мергеннің бұл жауаптары қылмыстық әрекет деп саналғандықтан, оның үстінен қылмыстық іс қозғалып отыр.

Сот отырысы кезінде барлық куәгерлерден жауап алынып үлгермегендіктен келесі сот отырысы қазанның 4-іне белгіленді.

XS
SM
MD
LG