Accessibility links

Шымкентте жарылған кәріз маңындағы үйлерді бұза бастады


Шымкент қаласы Еңбекші шағын ауданындағы Чапаев елдімекенінде жарылған кәріз коллекторы маңындағы үйлер бұзыла бастады.

Жалғыз үйінің үш бөлмесін бұзып жатқан екінші топтағы мүгедек Роза Дүйсенованың айтуынша, 27 жылдан тұрғызған үйінің жартысын бұзу туралы сот шешімі туралы тамыз айында естіген.

«Бір үйде үш отбасы күнелтіп отырмыз. 13 жан әрең сыйып отырған баспанамыздың тең жартысын бұздық. Қолымызда үйдің де, жердің де құжаттары бар. Бәрі – заңды, әкімдік берген» дейді ол.

Шымкент қаласы әкімдігі Еңбекші ауданы Чапаев елді мекеніндегі 4 қаңтарда жарылған кәріз коллекторы маңындағы үй иелерін «заңды бұза отырып құрылыс салғаны» үшін кінәлаған. Ал тұрғындар үйлерінің кәріз коллекторының үстінен салынғанын былтыр ғана білгендерін айтады.

Қазір Чапаевтағы үш үйдің иесіне кәріз коллекторы өткен аймақтағы үй-жайын бұзу туралы сот шешімі берілген.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG