Accessibility links

Рим 2024 жылғы Олимпиаданы өткізу құқығына ие болу бәсекесінен шықты


Вирджиния Раджи, Рим мэрі.
Вирджиния Раджи, Рим мэрі.

Рим қалалық кеңесі мэрдің 2024 жылғы жазғы Олимпиаданы өткізу бәсекесінен бас тарту туралы шешімін қолдады. Рим мэрі Вирджиния Раджидің шешімін қалалық кеңес мүшелерінің басым көпшілігі қолдады. Кеңесте Раджидің "Бес жұлдыз бірлестігі" оппозициялық саяси бірлестігінің өкілдері басым.

Раджи мэр қызметіне маусымда сайланған. Ол Олимпиаданы өткізу жобасының қымбаттығына және ойынды ұйымдастырудағы коррупциялық дауларға байланысты Римнің ойындарды өткізу құқығын жеңіп алу бәсекесіне қатысуына қарсы екенін мәлімдеген. Римнің бәсекеден бас тартуын қалалық кеңестің 30 мүшесі қолдап, 12-сі қарсы шыққан.

2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу бәсекесінде енді үш үміткер - Лос-Анджелес, Париж және Будапешт қалды.

XS
SM
MD
LG