Accessibility links

Меркідегі мұнай базасындағы өрттен жараланған соңғы адам көз жұмды


Жамбыл облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы мұнай базасында болған өрттен зардап шеккен соңғы адам қайтыс болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Толқын Өмірбаеваның айтуына қарағанда, "Петро Рефайн" компаниясының 48 жастағы дәнекерлеушісі Сергей Олейников 29 қыркүйек күні кешке ауруханада көз жұмған.

Кәсіпорынның үш жұмысшысы 22 қыркүйекте Меркі ауданының Меркі ауылында болған өрттен денелерінің көп бөлігін күйік шалып ауруханаға түскен еді. Бұдан бұрын екі жұмысшы - 46 жастағы инженер Сергей Ким мен 42 жастағы электрик Сергей Зажевский ауруханада көз жұмған.

Меркі ауылындағы мұнай базасындағы өрт 22 қыркүйек күні бензинді құйып алу кезінде шыққан. Өрттен цистерна мен жанармай құятын екі резервуар және қойма өртенген.

XS
SM
MD
LG