Accessibility links

Кейбір елдер Болгарияның БҰҰ басшылығына ұсынған үміткеріне қарсы шықты


ЮНЕСКО бас директоры Ирина Бокова (сол жақта) мен Еурокомиссия комиссары Кристалина Георгиева.

ЮНЕСКО бас директоры Ирина Бокова (сол жақта) мен Еурокомиссия комиссары Кристалина Георгиева.

Бірқатар елдер, соның ішінде Ресей мен Украина Болгарияның БҰҰ бас хатшылығына ұсынған жаңа үміткеріне күмән келтірді. Ресми София Еурокомиссия комиссары Кристалина Георгиеваны ұсынған. Болгария Георгиеваны БҰҰ басшылығына "жалғыз және ерекше кандидат" деп ұсынған соң БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кіретін Ресей, Ангола, Уругвай және Малайзия бұған түсінік беруді талап етті. Бұған дейін Болгария ЮНЕСКО басшысы Ирина Бокованы ұсынып, бірақ сауалнама нәтижесінде оның танымалдығы төмен екені айқындалған соң алмастырған.

Ресейшіл ұстанымы басымырақ деп саналатын Бокова Софияның қолдауына ие болмаса да БҰҰ бас хатшылығына таласатыныны мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова "Ресей бұл кандидаттарды ауыстыруға араласпады" деп мәлімдеді.

София БҰҰ басшылығына Шығыс Еуропа тарихында бірінші рет ұмтылып отырғанын айтады. France Press агенттігінің хабарлауныша, Украинаның БҰҰ-дағы елшісі Ельченко Георгиеваның кандидатурасына қарсылық білдіріп, "Меніңше, ол кешігіп қалды. Мұның барлығы мүлдем дұрыс жасалмады" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG